Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Алматылық дәрігерлер кеңірдек стенозына ота жасады

    Алматыдағы №1 Қалалық клиникалық аурухананың торакальды хирургия орталығының дәрігерлері кеңірдек стенозына ота жасады. Кеңірдекке жасалатын манипуляциялар аса қауіпті, әрі ауыр отаның түріне жатады. Науқасқа ота сақтандыру пакеті арқылы тегін жасалған, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Торакальды хирургтар кеңірдек стенозы диагнозы қойылған 56 жастағы пациентке осындай ота жасады. Ол  биылғы ақпан айында ковид жұқтырып, пневмонияның ауыр түрімен ауырған. Хирург Мұхтар Нысанбайдың айтуынша, пациент ұзақ уақыт бойы жансақтау бөлімінде, кейін интенсивті терапия бөлімінде жатқан.

    «Өкпені жасанды желдету аппаратымен ұзақ уақыт бойы дем алғандықтан кеңірдегіне трахеостомия жасалған. Ауруханадан шыққаннан кейін араға бір ай салып дем жетпей алқынып, тыныстағанда кеудеде ысқырық пайда болған. Компьютерлік томография мен бронхоскопия нәтижесінде кеңірдектің төменгі бөлігінің тарылғаны анықталып, циркулярлы стеноз деген диагноз қойылды», — дейді дәрігер.

    Кеңірдек стенозы немесе кеңірдектің тарылуы ұзақ уақыт жасанды тыныс алу аппаратымен дем алған, трахеостомия жасалған, мойын жарақатын алған, кеңірдегі мен жұтқыншағы күйген, кеңірдек жолында ісік пайда болған пациенттерде кездеседі. Бұл дерт ауаның өкпеге түсуін қиындатады.

    Торакальды хирургтер бұндай ауру түрін — эндоскопиялық электроэксцизия деп  атайды. Қазір пациенттің жағдайы жақсы.

    «Соңғы кезде мұндай жағдайлар жиі кездесетін болды. Бұл дерттен әсіресе, жасанды тыныс алу аппараты арқылы ұзақ уақыт дем алған және кеңірдегіне тілік жасалған адамдар зардап шегеді. Олар демікпедегі сияқты тұншығып, ауа жетпей қиналады, қақырық түсуі қиындайды», — деді Мұхтар Нысанбай.

    Торакальды хирургия орталығындағы УДЗ, фиброэндоскоп, КТ, МРТ сынды заманауи қондырғылар операцияны асқан дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді. Шалғай елді мекендердің тұрғындары электронды хат немесе телефон арқылы алдын-ала сырттай консультация ала алады. Сонымен қатар, мұнда көшпелі қабылдау және ота жасау мүмкіндігі де қарастырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →