Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады •

    Жеңілдетілген автонесиеге 100 млрд теңге бөлінеді

    Жеңілдікпен автонесие беру сәуір айының соңында іске қосылады. Қазақстанда құрастырылған машиналарды қолдауға 100 млрд теңге бөлінбек.

    ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен Қазақстанның азаматтарына жеңілдетілген автонесие беру және автобус паркін жаңарту бойынша бағдарлама әзірлеуде. Министрлік gov.kz сайтындағы мәлімдеме де қаржыландырудың шекті сомасы белгіленген.

    Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Өңірлердегі автобустар паркін жаңарту үшін 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.

    Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

    • сыйақы мөлшерлемесі: 4%;
    • несиелендіру сомасы: 10 млн теңгеден артық емес;
    • қаржыландыру мерзімі: 7 жылдан артық емес;
    • бастапқы жарна: 0 % бастап;
    • көлік құралының құны: 15 млн теңгеден аспайды.

    Автонесиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады.

    Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс.

    Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →