Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады •

    Қарағанды облысында 18 жастағы қызды пойыз қағып кетті

    Қарағанды облысында 18 жастағы бойжеткен пойыздың астына түсіп қаза болды. Машинист тежегішті басқанмен үлгермеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    «2022 жылдың 10 сәуірінде сағат 18:30-да Қарағанды Сортировочная-Құлайғыр учаскесінде бойжеткен жүк пойызының алдындағы жолға жүгіріп шыққан. Машинист тежегішті шұғыл іске қосқанымен, қашықтықтың тым қысқалығы құрамды тоқтатуға және де адам басудың алдын алуға мүмкіндік бермеді. Қыздың аты жөні анықталды. Марқұм болған қыз бала 18 жаста.

    «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пойызды бірден тоқтату мүмкін еместігін еске салады. Жылдамдығы сағатына 80 км кезінде машинистің тежегішті шұғыл қолданғанымен, пойызды тежеу жолы кемінде 900 метрді құрайды.

    Теміржолшылар марқұмның отбасына көңіл айтады және азаматтардан өздерінің, пойыз жолаушыларының өміріне қауіп төндірмеуін, теміржолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды сұрайды», — делінген ҚТЖ хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →