Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды

    «Қазақтелеком»акциялары құнсызданды – Қаржы нарығын реттеу агенттігі

    Елімізде ірі компаниялардың акциялары құнсызданып жатыр. 1 наурыздағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 150 эмитенттің 164 акциясы болса,  оның 43 шығарылымы KASE Global секторындағы айналысқа жіберілді. Ақпан айының қорытындысы бойынша KASE индексі 5,3%-ға  төмендеген. Құнды қағаздардың төмендеуінен жоғалтқан қаржы көлемі 3,5 трлн теңгеге жеткен.

    «Қазақтелеком» АҚ-тың (-12,4%) және «Қазақстанның Халық жинақ банкі» АҚ-тың (-12,4%)  акциялары көбірек төмендеді. Акциялар нарығын капиталдандыру 2022 жылғы ақпанда листингтелетін компаниялар акциялары құқының түсуі есебінен 13,3%-ға немесе 3,5 трлн теңгеге азайып, 1 наурыздағы жағдай бойынша 23,1 трлн теңге болды. Акциялар сауда-саттығының көлемі 2022 жылғы қаңтардағы акциялар сауда-саттығының көлемімен салыстырғанда 3,4%-ға немесе 0,3 млрд теңгеге ұлғайып, ағымдағы жылғы ақпанда 10,3 млрд теңге болды. KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2022 жылғы ақпанда облигациялардың жекелеген шығарылымдарының өтелуіне және айналыста болу мерзімінің аяқталуына байланысты өткен кезеңмен салыстырғанда 2,6%-ға немесе 417 млрд теңгеге азайып, 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 15,0 трлн теңге болды», -деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сыртқы коммуникациялар басқармасы.

    KASE-де саудаланатын номинал бойынша мемлекеттік борыш сомасы 2022 жылғы қаңтардағы көрсеткішке қатысты 2,3%-ға  немесе 395,7 млрд теңгеге ұлғайып, ақпанның қорытындысы  бойынша  17,7 трлн теңгені құраған. Еліміздегі бағалы қағаздар нарығында 38 брокер және дилер (16 банк және 22 банктік емес ұйым), 9 кастодиан банк, 19 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын 2 инфрақұрылымдық ұйым бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →