Рыбакина Брисбендегі жаңа маусымның алғашқы турнирінде бақ сынайды
Елена Рыбакина 2027 жылғы маусымды Брисбендегі WTA 500 турнирінен бастайды. Әлемнің бірінші ракеткасы Brisbane International-да бірінші нөмірмен себіледі.
Сурет: sports.kz
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2027 жылғы маусымды Аустралияның Брисбен қаласында өтетін турнирден бастайды. Бұл туралы Tennis.com.au сайты хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
WTA 500 санатындағы Brisbane International турнирі 2027 жылдың 3-10 қаңтары аралығында өтеді. Қазақстандық теннисші үшін бұл жаңа маусымдағы алғашқы жарыс болады.
«2026 жылғы Australian Open чемпионы атанған Елена Рыбакина қаңтарда Квинсленд теннис орталығына оралғанда Аустралиядағы жеңіс сериясын жалғастыруға тырысады. Қазақстандық спортшының 2027 жылғы алғашқы турнирі Brisbane International болады. Әлемнің бірінші ракеткасы жарысқа қатысушылар тізімін бастап, мұнда алғаш рет бірінші нөмірмен себілетін болады. Рыбакинаның 2026 жылы Брисбендегі өнері титулсыз аяқталғанымен, бұл оның мансабындағы ең үздік маусымды өткізуіне кедергі болмады. 2026 жыл бойы жарақаттарға қарамастан, әлемнің бірінші ракеткасы ең маңызды сәттерде табысқа жетті. Бұл оның Брисбендегі сәтті өнеріне сенім артуға негіз береді, ал турнир басталуына алты аптадан сәл ғана уақыт қалды», — делінген материалда.
Брисбен турнирінің әйелдер арасындағы жеке сындағы қазіргі чемпионы — беларусь теннисшісі Арина Соболенко. Елена Рыбакинаға келсек, ол 2024 жылы жеңімпаз атанған болатын.
