Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақмыс Жамбыл облысында спорт алаңдарының құрылысын қаржыландырды • Ақмола облысында шахтадан алтын іздемек болған тұрғын тасқа басылып, мерт болды • Алматыдан Гоаға ұшқан FlyArystan ұшағы Делиге шұғыл қонды • Жамбыл облысында 16 бас жылқыны ұрлаған күдікті ұсталды • Ақкөлде көпбалалы отбасы мемлекеттік баспананың сапасына шағымданды • Тоқаев күмән келтірген қазақша баламалар: филологтар қандай баға берді • Қазақмыс Жамбыл облысында спорт алаңдарының құрылысын қаржыландырды • Ақмола облысында шахтадан алтын іздемек болған тұрғын тасқа басылып, мерт болды • Алматыдан Гоаға ұшқан FlyArystan ұшағы Делиге шұғыл қонды • Жамбыл облысында 16 бас жылқыны ұрлаған күдікті ұсталды • Ақкөлде көпбалалы отбасы мемлекеттік баспананың сапасына шағымданды • Тоқаев күмән келтірген қазақша баламалар: филологтар қандай баға берді •

    Қазақмыс Жамбыл облысында спорт алаңдарының құрылысын қаржыландырды

    Қазақмыс Жамбыл облысында спорт алаңдарының құрылысын қаржыландырды

    Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында жаңа волейбол және баскетбол алаңдары ашылды. Спорт нысандары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қаржылай қолдауымен салынды. Компания жобаны жүзеге асыруға 20 млн теңгеге жуық қаражат бөлді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Спорт алаңдары С. Естемесов атындағы орта мектептің аумағында орналасқан. Олар тек оқушыларға ғана емес, ауыл тұрғындарына да арналған. Оқу уақытында мұнда дене шынықтыру сабағы өткізілсе, сабақтан тыс уақытта ауыл тұрғындары спортпен шұғылданып, бос уақытын белсенді өткізе алады.

    Көкқайнар ауылының тұрғындары спорт алаңдарының салынуын көптен күткен еді. Енді ауыл балалары мен жастары ешқайда бармай-ақ, заман талабына сай жабдықталған алаңдарда волейбол және баскетбол ойнайды.

    Жоба аясында алаңдардың негізі дайындалып, арнайы жабын төселді, спорттық жабдықтар орнатылып, айналасы абаттандырылды. Құрылыс жұмысы толық аяқталды.

    Жоба «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Жамбыл облысы Шу ауданының әкімдігі арасында жасалған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.

    Ауылдық елді мекендерде спорт инфрақұрылымын дамыту бұқаралық спорттың кеңінен таралуына ықпал етіп, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Қазақмыс үшін мұндай жобаларды жүзеге асыру – өзі қызмет ететін өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстың бір бөлігі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →