Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Атырауда жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды

    Атырауда жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды

    Фото: видеодан скриншот

    Атырауда Volkswagen Polo және Газель автокөліктері соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 16 қараша күні сағат 03:30 шамасында Исатай Тайманов пен Ғаббас Берғалиев көшелерінің қиылысында болған.

    Апат салдарынан Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

    Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты қажетті құжаттарды жинақтап жатыр.

    Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және көлік жүргізу кезінде белгіленген жылдамдықты асырмауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →