Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанда фильмге түсуі мүмкін

    Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанда отандық фильмге түсуі мүмкін. Dala Edge Creative Tech Park басшысы Мақсат Кикимов келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанда фильмге түсуі мүмкін

    Сурет: madeniportal.kz

    Әлемге әйгілі бельгиялық актер Жан-Клод Ван Дамм Қазақстанға келіп, отандық киножобалардың біріне қатысуы ықтимал. Актерді түсірілімге шақыру жөнінде келіссөздер қазір жүргізіліп жатыр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұл туралы Dala Edge Creative Tech Park компаниясының басшысы Мақсат Кикимов Мәдениет және ақпарат министрімен кездесу барысында мәлімдеді.

    «Фильм түсіріліміне бізге Жан-Клод Ван Дамм келуі мүмкін. Қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді Мақсат Кикимов.

    Әзірге голливудтық актердің Қазақстанға сапары ресми түрде бекітілген жоқ. Оның нақты қай фильмге түсетіні, қандай рөл сомдайтыны және түсірілімнің қашан басталатыны да белгісіз.

    Жан-Клод Ван Дамм – бельгиялық актер әрі жекпе-жек өнерінің шебері. Ол «Қанды спорт», «Кикбоксшы», «Әмбебап сарбаз» және «Қос соққы» фильмдері арқылы әлемге танылған.

    Айта кетейік, Dala Edge Creative Tech Park бұған дейін Джеки Чан қатысатын «Құдай сауыты 4: Ультиматум» халықаралық киножобасын жүзеге асыруға атсалысқан. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі ресми хабарлаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →