Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев «Парыз» конкурсына жаңа наградалар мен Гран-при тағайындады

    Қасым-Жомарт Тоқаев «Парыз» конкурсына президенттік арнайы сыйлықтар мен Гран-при тағайындады. Гран-при ірі және шағын-орта кәсіпкерлік санаттарында беріледі.

    Тоқаев «Парыз» конкурсына жаңа наградалар мен Гран-при тағайындады

    Сурет: inbusiness.kz

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы «Парыз» конкурсына жаңа награда белгіледі.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жаңартылған ережелерге сәйкес, үміткерлерге корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жоғары нәтижелері, лайықты еңбек жағдайларын жасауы және қызметкерлердің әл-ауқатын арттыруы үшін президенттің арнайы сыйлықтары берілуі мүмкін.

    Сонымен қатар конкурста жоғары награда – Гран-при пайда болды. Ол жұмыста және әлеуметтік-экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда ең жоғары нәтиже көрсеткен компанияларға табысталады.

    Гран-при екі санатта қарастырылған: «Ірі кәсіпкерлік субъектісі» және «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі».

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →