Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Тоқаевтың кеңесшісі «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» ісіне қатысты тың ақпарат айтты

    Президент кеңесшісі Айбек Смадияров ҰҚК басшысының ауысуы мен «Самұрық-Қазына» және «ҚТЖ» ісіне қатысты түсініктеме берді.

    Тоқаевтың кеңесшісі «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» ісіне қатысты тың ақпарат айтты

    Сурет: azattyq-ruhy.kz

    Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысын ауыстырды. Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров бұл ауыс-түйістің себеп-салдарын ақтарып айтып берді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Смадияровтың мәліметіне сүйенсек, негізінен президент Ермек Сағымбаевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан алып тастаған. Бірақ жуырда Астанадағы оқиғаның да қатысы бар көрінеді.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты қызметтен босату туралы шешім қабылдағанда жемқорлық оқиғасына қатысы бар лауазымды тұлғаларды ұстау жағдайын да ескерді. Президенттің пікірінше, күштік құрылым қызметкерлері қателіктер жіберген», — деп хабарлайды Смадияров.

    Баспасөз хатшысы атап өткендей, Тоқаев бұл жемқорлық ісіне қатысты тергеу туралы әуел бастан білген екен.

    «Жалпы, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ісіндегі коррупциялық сипат еш күмән тудырмайды. Оны тергеу шаралары кезіндегі фигуранттардың әрекеттері растады. Президент жүргізіліп жатқан тергеу амалдарынан әуел бастан хабардар болды. Мемлекет басшысының жемқорлыққа қарсы күреске қатысты берік ұстанымы өзгермейді», — деп хабарлады Смадияров.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →