Тоқаев Әлихан Жамсатовты мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Жамсатовты Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатты.
Фото: Акорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Жамсатовты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойған.
«Мемлекет басшысының өкімімен Жамсатов Әлихан Қайыргелдіұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.
Өкім мәтінінде қызметтен босату себептері, сондай-ақ Әлихан Жамсатовтың ықтимал жаңа тағайындалуы туралы ақпарат көрсетілмеген.
Еске салайық, Әлихан Жамсатов бұл қызметке 2025 жылғы 25 қыркүйекте тағайындалған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті өкімі Ақорданың ресми сайтында жарияланған.
