Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Мөлдір Анарбаев терезеден шашылған долларға қатысты пікір білдірді

    Журналист Мөлдір Анарбаев Астанадағы терезеден шашылған долларға қатысты пікір білдіріп, байлыққа қызығудың қажеті жоқ екенін айтты.

    Мөлдір Анарбаев терезеден шашылған долларға қатысты пікір білдірді

    Сурет: sn.kz

    Астана қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен терезеден доллар шашылуына байланысты танымал блогер әрі журналист Мөлдір Анарбаев өз пікірін жеткізді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ол біреудің байлығына қызығудың қажеті жоқ екенін айтады. Журналистің пайымдауынша, егер ақша өзінікі болса, ол жөнінде артық әңгіме қозғамай, тыныш отырған дұрыс.

    «Байдың малын байқұс қызғаныпты болмасын, тыныш отырайық, егер өзінікі болса. Киноң жолда қалды. Халық құдайдың бір аты, ақшаның буы оңдырмайды, әсіресе ұрлық болса. Көп ақшаң болса да бәле, ұйқы жоқ, терезеден лақтырасың. Өткенде ғана айтып едім, “Көп ақша әкелсе байыңнан сұра, айтып отыр жөніңмен жүр!” деп. Бірақ байдың қатыны мені тыңдай ма?! Тып-тыныш тапқан ақшаңызға риза болып, уайымсыз ұйқыңызды қанағат қылыңыз! Байыңызға біреуді үлгі қылып, қалайда көп ақша тап! – дегенді қойыңыз! Қиын…», – деп жазды журналист.

    Желі қолданушылары да Мөлдір Анарбаевтың жазбасына үн қосып, оқиғаға қатысты әзіл аралас түрлі пікір қалдырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →