Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Шешесін де осылай тас қылдым»: Нұртас Айдарбеков қызға қырындаған ұлымен мақтанды

    «Шешесін де осылай тас қылдым»: Нұртас Айдарбеков қызға қырындаған ұлымен мақтанды

    Фото: видеодан скрин

    Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желіде кенже келіні Индира туралы жазбасымен көпшіліктің назарын аударды. Ол ұлы Заңғар Нұртастың болашақ жарымен алғаш рет билеген сәтінен видео жариялаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы

    Желіге жүктеген видеосына ол әзіл аралас жазба қалдырған.

    «Жақалақамның алғашқы танысу биі ғой, шешесін де осылай тас қылып едім заманында», – деп жазды Нұртас Айдарбеков.

    Әншінің әкесінің бұл жазбасы желі қолданушыларының көңілінен шығып, қызу талқыға түсті. Көпшілік оны келіндеріне ерекше құрметпен қарайтын қайын ата ретінде сипаттап, жылы лебіздерін білдірген.

    «Келініңізді өзіңіз таңдапсыз ғой, керемет атасыз», «Дана, ақылды, келіндеріне қызындай қарайтын әкесіз ғой, қайын аталардың бәрі сіздей-ақ болса», «Индира келініңіз өте әдемі, сыпайы қыз, бақытты болсын», – деп жазды желі қолданушылары.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →