Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовтің қайтыс болғанына 21 жыл толуына орай әлеуметтік желіде жазба жариялап, рухына Құран бағыштады.
Фото: Instagram/zhunusova.makpal
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы, мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өмірден өткен күніне орай әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Әнші Instagram парақшасында жұбайының көзі тірісіндегі бейнежазбасымен бөлісіп, оның рухына Құран бағыштаған.
12 қарашада Заманбек Нұрқаділовтің қайтыс болғанына 21 жыл толды. Осыған орай Мақпал Жүнісова марқұм жұбайын еске алып, оған деген сағынышын жеткізді.
«Бүгін Зәкеңнің өмірден өткен күні, топырағыңыз торқа болсын, мәңгілік жүрегіміздесіз», – деп жазды әнші.
