Асаба Нұрбек Саламатов Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелін ортаға шығарды
Асаба Нұрбек Саламатов Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелін ортаға шығарып, Айман Талғатқызын ойынға шақырды. Желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
Фото: Видеодан алынған кадр
Асаба Нұрбек Саламатов әнші Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелін ортаға шығарды. Ол ел алдында әзілдесіп, Айман Талғатқызын ойынға шақырды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Тұрсынбек аға, сіз келіңіз. Келмейсіз бе, жарайды бөлек жүр деп ойлап қалсын. Айман ханым, өмірде жолы болғыш адамсыз ба? Аллаға сансыз шүкір, қазір сізден жолы болғыш адам жоқ сияқты. Бірақ сізге дым сыйлық шықпай тұр. Жеңше, ренжімеңіз есесіне сізде Тұрсынбек аға бар. Тұрсынбек аға менің ағам, екеуміз бір ауылданбыз. Артық әзілдесе алмаймын», – деді ол.
Желі қолданушылары түрлі пікір жаудырды. «Айман ішінен жыны келіп тұр», «Тамада түсінген адамға сөздің астарымен қатырды», «Мөлдірге жету қайда», «Жарайсың, қара жерге кіргізді», «Айман сабырлы екен», – деп жазды көпшілік.
