Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты
Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы лебізін білдірді. Желіде жұптың құшақтасқан видеосы тарап, оқырмандар ақ тілегін жаудырды.
Фото: Видеодан алынған кадр
Актриса Дариға Бадықованың жұбайы Олжас Абай туралы айтқан сөзі желіде талқыланды. Желідегі видеодан жұптың құшақтасқан сәті бейнеленген.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Актриса «Олжастың жанында өзімді нағыз әйел сезінемін», деген ойын айтты. Оқырмандар видеоның астына «Бақытты болыңдар» деп, жұпқа ақ тілегін білдірді.
Бұған дейін Бадықова сұхбатында Олжас Абаймен қарым-қатынасы бірге екі фильмге түскеннен кейін басталғанын айтқан. Актрисаның сөзінше, Дубайда демалып жүргенде Олжас оған сағынғанын жазған. Елге оралған соң сырға сыйлап, үйленуге ұсыныс жасаған.
Жұптың үйлену тойы биыл қазанда Алматыда өтті. Бадықова тойдан видео жариялап, көрермендерінен ақ тілек сұраған еді.
