Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы алғашқы концертіне дайындық кадрларын жариялады
Димаш Құдайберген DIMENSIONS турнесі аясында Мексиканың Мерида қаласындағы алғашқы концертіне дайындық сәттерін жариялап, жанкүйерлерімен бөлісті.
Фото: Инстаграм kudaibergenov.dimash
Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турнесі аясында Латын Америкасындағы алғашқы концертіне дайындық барысынан фото-видеолар жариялады. Өнер иесі сахна сыртындағы сәттерді жанкүйерлерімен бөлісті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Әнші Мексиканың Мерида қаласындағы Foro GNP Seguros аренасында өткен дайындық кадрларын көрсетті. Суреттер концерттің басталуына екі сағат қалғанда түсірілген.
Димаш көрермендермен жүздесуді асыға күткенін айтып, дайындықтың сәтті өткенін жеткізді.
«Енді біз мұның бәрін сахнаға шығаруға дайынбыз!», – деп жазды әнші концерт алдында.
Өнер иесінің жазбасына жанкүйерлері де жылы лебіздерін білдірді.
«Қымбатты Димаш, Құдай сені әрқашан жарылқасын, Меридада бізбен бірге болғаның үшін рақмет, біз тағы да DIMENSIONS турнесінің бір бөлігі болғанымыз үшін рақмет айтамыз», «Мен сені көруді асыға күтемін, сәттілік, Аргентинадан сәлем», – деп жазды олар.
