Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды
Фото: instagram.com/mansar.million
Жайдармандағы «Миллион» командасы арқылы танылған Мансар Орынхан Түркістан облысы, Арыс қаласы мәслихатының депутаттығына үміткер атанды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
«Мәдениетке қолдау, спортқа серпін, елге даму!
Елдің ең үлкен байлығы – оның адами капиталы. Әр азаматтың қабілетін ашу, жастардың әлеуетін қолдау, ұлттық құндылықтар мен рухани мұраны дәріптеу – ел болашағының негізі.
Мәдениет пен өнерді өркендетіп, спортты дамыту арқылы ұлттың рухани және зияткерлік әлеуетін арттырып, бәсекеге қабілетті, дені сау әрі өркениетті қоғам қалыптастыру – ортақ міндетіміз.
Адам капиталына инвестиция – елдің жарқын болашағына жасалған қадам», — деп жазды жайдарманшы.
