Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады • КХДР Binance биржасына хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды • «Сағыныш билеп, сезімге ерік бердім»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты • Надежда Петрова: Қорытынды турнир WTA-ның Индиан-Уэллске ауысуы кімге тиімді • Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты • 77 мың медицина қызметкеріне жаңа қолдау: жылына 137 млрд теңге қажет • Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады • КХДР Binance биржасына хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды • «Сағыныш билеп, сезімге ерік бердім»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты • Надежда Петрова: Қорытынды турнир WTA-ның Индиан-Уэллске ауысуы кімге тиімді • Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты • 77 мың медицина қызметкеріне жаңа қолдау: жылына 137 млрд теңге қажет •

    Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады

    Қазақстан әйелдер теннис құрамасының капитаны Юрий Щукин Елена Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады және оның биылғы мүмкіндіктеріне болжам жасады.

    Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады

    Сурет: sports.kz

    Қазақстан әйелдер теннис құрамасының капитаны Юрий Щукин үш дүркін Үлкен дулыға чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны WTA қорытынды чемпионатының фавориті деп атауға бола ма деген сұраққа жауап берді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    — Еленаны осы қорытынды турнирдің фавориті деп атауға бола ма? Ол титулды қорғап жатқанын және биыл екі хардтық «Шлемді» жеңіп алғанын ескерсек. — Лена кез келген жағдайда фаворит, ол екі «Үлкен дулығаны» жеңіп алды ма, жоқ па — бәрібір. Өткен жыл көрсеткендей, ол Үлкен дулығада жеңіске жетпесе де, соңында қорытынды турнирді жеңіп алды. Оның үстіне ол мүлде формада емес еді. Биыл ол міндетті түрде жеңеді деп айту қиын, өйткені іріктеуден өткендердің барлығы өте жоғары деңгейде ойнайды. Бірақ Лена бәрібір фаворит болады, себебі ол Қытайдағы турнирді жеңіп алды, бұл оған ойында сенімділік береді, — деді Щукин.

    Еске салайық, WTA-2026 қорытынды турнирі 8-15 қараша аралығында Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →