Нұрқожа Қайпанов Астанада әлем чемпионатының финалына шықты
Нұрқожа Қайпанов 1 қарашада Астанада өтетін еркін күрестен әлем чемпионатының 74 кг салмақ дәрежесіндегі финалында Иналбек Шериевпен белдеседі.
Фото: НОК / Сали Сабиров
Бүгін, 1 қарашада, еркін күрестен Қазақстан спортшысы Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында кілемге шығады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
74 килограмм салмақ дәрежесіндегі шешуші белдесуде қазақстандық Ресей Федерациясының өкілі Иналбек Шериевпен кездеседі.
Финалдық белдесудің басталуы Қазақстан уақытымен 18:59-ға жоспарланған.
Кездесуді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Белдесуді телеарнаның ресми сайтынан да тамашалауға болады.
