Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қазақстан семсершілері әлем кубогының финалына шықты

    Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден әлем кубогының жартылай финалында Францияны 45:40 есебімен жеңіп, күміс медальді қамтамасыз етті. Енді алтын үшін Ресеймен кездеседі.

    Қазақстан семсершілері әлем кубогының финалына шықты

    Фото: ҰОК

    Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалда Франция құрамасын жеңді. Шпагамен семсерлесуден сынға түскен отандастарымыз қарсыластарын 45:40 есебімен ұтып, кем дегенде күміс медальді қамтамасыз етті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Енді ұлттық құрама жарыстың алтын жүлдесі үшін Ресей құрамасымен кездеседі. Бұған дейін Қазақстан құрамасы ширек финалда Мысыр спортшыларын 45:40 есебімен жеңген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →