Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Балқаш көлінде қозғалтқышы істен шыққан қайықтан екі балықшы құтқарылды

    Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында Балқаш көлінде қозғалтқышы істен шыққан қайықтан екі балықшы құтқарылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

    Балқаш көлінде қозғалтқышы істен шыққан қайықтан екі балықшы құтқарылды

    Сурет: Видеодан скриншот

    Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Мыңарал ауылының маңында, Балқаш көлінде екі балықшы құтқарылды. Олар жағадан шамамен 15 шақырым қашықтықта қайықпен жүзіп жүрген.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Алайда қозғалтқыш істен шығып, балықшылар өздігінен жағаға жете алмаған. Құтқарушылар екі азаматты эвакуациялап, жағалауға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

    Құтқарушылар суға шығар алдында қайық пен қозғалтқыштың жарамдылығын тексеріп, құтқару кеудешесін киіп, байланыс құралдарын алып жүруге кеңес береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →