Астанада 18–21 қазанда ауа райы: +15 градусқа дейін жылынып, жаңбыр жауады
Астанада 18–21 қазанда ауа райы: 19 қазанда +15 градусқа дейін жылынып, жаңбыр жауады, кейін температура төмендейді. Толық болжам.
Фото: ИА «NewTimes»/Турар Казангапов
Астанада 19 қазанда ауа температурасы +15 градусқа дейін көтеріледі, содан кейін күндізгі температура төмендей бастап, 21 қазанда +8 градусқа жетеді. Болжамға сәйкес, апта басы жаңбырлы болады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
18 қазан, жексенбі күні күндіз +12 градус, түнде +3 градус болжанады. Тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыс жел әлсіз, екпіні секундына 2 метрге дейін жетеді.
19 қазан, дүйсенбі күні ауа +15 градусқа дейін жылынады, түнде +4 градус күтіледі. Аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс желдің екпіні секундына 7 метрге жетеді.
20 қазан, сейсенбі күні бұлтты ауа райы мен жаңбыр күтіледі. Күндіз температура +11 градусқа, түнде +1 градусқа төмендейді. Солтүстік-батыс жел күшейіп, екпіні секундына 10 метрге жетеді.
21 қазан, сәрсенбі күні жауын-шашынсыз, айнымалы бұлтты ауа райы болжанады. Күндіз +8 градус, түнде +1 градус болады. Батыс желдің екпіні секундына 10 метрге жетеді.
