Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда ер адам интим қызмет көрсететін бойжеткеннен шабуыл көрдім деп шағымданды • 200-ден астам қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты • Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы • Қазақ ұлттық спорт университетінің негізін қалаушы оқу орнын мемлекетке сыйлауға шешім қабылдады • Дариға Бадықова Олжас Абайдың үйлену ұсынысын қалай жасағанын айтты • Бельгия королевасы Астанада қазақ зергерінің гауһар сырғасын тақты • Алматыда ер адам интим қызмет көрсететін бойжеткеннен шабуыл көрдім деп шағымданды • 200-ден астам қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты • Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы • Қазақ ұлттық спорт университетінің негізін қалаушы оқу орнын мемлекетке сыйлауға шешім қабылдады • Дариға Бадықова Олжас Абайдың үйлену ұсынысын қалай жасағанын айтты • Бельгия королевасы Астанада қазақ зергерінің гауһар сырғасын тақты •

    200-ден астам қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

    Қазақстанда 200-ден астам азамат мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты. Министрлік SMS арқылы бас тарту тәртібін енгізіп, 2027 жылдан бастап әлеуметтік қолдау жаңа тәсілдермен тағайындалады.

    200-ден астам қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

    Сурет: istockphoto

    Қазақстанда 200-ден астам азамат кейбір мемлекеттік жәрдемақыны алуды өз еркімен тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Қазіргі тұрмыстық жағдайын бағалай келе, отбасын өз бетінше қамтамасыз ете алатынына көз жеткізген азаматтар осындай шешім қабылдаған. Олар мемлекеттік көмектен мүлде бас тартып жатқан жоқ. Тек өздеріне тиесілі төлемді алуды тоқтатып, бұл көмектің бүгінгі күні шын мұқтаж отбасыларға бағытталғанын қалайды», — делінген хабарламада.

    Мұндай шешім қабылдағандар арасында кәсіпкерлер, көпбалалы ата-аналар және тұрмыстық жағдайын жақсартып, бүгінде отбасын өз бетінше қамтамасыз ете алатын азаматтар бар.

    Мәселен, Ақтөбе қаласының тұрғыны, алты баланың анасы әрі кәсіпкер Қалауша Садықова өз кәсібін енді бастаған кезде мемлекеттік қолдаудың отбасы үшін маңызды болғанын айтады.

    «Мен көпбалалы ана ретінде мемлекеттік көмектің отбасы үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Өз кәсібімді енді бастаған кезде бұл қолдаудың біз үшін пайдасы зор болды. Қазір кәсібім дамып, отбасымды өзім қамтамасыз ете аламын. Сондықтан көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыдан өз еркіммен бас тарту туралы шешім қабылдадым», – дейді ол.

    Бұрын аталған жәрдемақылар азаматтың белгілі бір әлеуметтік санатқа жатуына қарай тағайындалатын. Кейбір жәрдемақылар азамат өтініш бермей-ақ, автоматты түрде рәсімделетін. Ал SMS арқылы жәрдемақыдан өз еркімен бас тартудың жеңілдетілген тәртібі бұрын болмаған. Енді азаматтарға осындай мүмкіндік беріліп отыр, дейді министрліктегілер.

    Бұған дейін Отбасының цифрлық картасындағы мәліметтер бойынша әлеуметтік жағдайы жоғары А санатына жататын отбасылардың кейбір жәрдемақы алушыларына SMS-хабарлама жіберілген. Онда азаматтарға тиісті төлемнен өз еркімен бас тарту мүмкіндігі түсіндірілген.

    «Азамат жәрдемақыдан бас тарту туралы шешімін SMS-хабарламаға жауап беру арқылы білдіре алады. Өз еркімен бас тартқан азаматтардың тиісті төлемдері 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни әлеуметтік қолдаудың жекелеген түрлерін тағайындаудың жаңа тәртібі күшіне енгенге дейін тоқтатылады. Бұл ретте тек азамат бас тартқан төлем ғана тоқтатылады», — деп хабарлады министрлік.

    Отбасының цифрлық картасы мемлекетке әр отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нақтырақ бағалауға көмектеседі. Соның негізінде мемлекеттік қолдау отбасының шынайы жағдайына қарай көрсетіледі. Әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдірудегі басты мақсат та осы — көмекті уақытында көрсетіп, оны ең алдымен шын мұқтаж адамдарға бағыттау, дейді мамандар.

    Осы ретте SMS-хабарламаның келуі жәрдемақының автоматты түрде тоқтатылатынын немесе төленбей қалатынын білдірмейді. Бұл шешімді азаматтың өзі қабылдайды. Ал заңда көзделген жәрдемақыны алуды жалғастырған азаматтар мемлекеттік қолдауға деген заңды құқығын пайдалана береді.

    2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың кейбір түрлерін тағайындау кезінде жаңа тәсілдер қолданыла бастайды. Тиісті көмекке құқығы бар-жоғын анықтағанда азаматтың белгілі бір әлеуметтік санатқа жататыны ғана емес, Отбасының цифрлық картасындағы мәліметтер негізінде бағаланатын отбасының әлеуметтік әл-ауқаты да ескеріледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →