Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістанда «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті • Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдығын атап өтті: Тоқаевтың құттықтауы оқылды • Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Түркістанда «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті • Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдығын атап өтті: Тоқаевтың құттықтауы оқылды • Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді •

    Түркістанда «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті

    Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасында «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті. Жиында оқу мәдениетін дамыту мен зерделі ұрпақ тәрбиелеу мәселелері талқыланды.

    Түркістанда «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті

    Сурет: ernur.kz

    Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында «Кітаппен кемелденген ұлт» атты дөңгелек үстел өтті. Басқосу «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жиында алғашқы болып сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірде аталған жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қалқаман Сарин кітаптың адам дүниетанымын кеңейтудегі, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңірудегі маңызы туралы ой қозғады. Сондай-ақ ол жастардың әдебиетке қызығушылығын арттыру, оқырман талғамын қалыптастыру және кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыру мәселелеріне тоқталды.

    Іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, кітапхана басшылары мен студенттер қатысты. Дөңгелек үстелді Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, ақын Айдар Сейдазым жүргізіп отырды.

    Ашық пікір алмасу барысында зиялы қауым өкілдері оқу мәдениетін дамыту, қала мен ауыл жастарын ортақ рухани құндылықтар төңірегіне біріктіру және зерделі ұрпақ тәрбиелеу жайында пікірлерін білдірді. Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова «Кітап оқитын ұлт» жобасының ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырудағы маңызы туралы мазмұнды ой қозғады. Кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдыру, жастардың саналы таңдау жасап, терең ойлауына жол ашу – жобаның басты мұраты екенін атап өтті. Әр буынның ойын тоғыстырған кездесу кітапқа құрметті арттырып, оқырман қалыптастыруға қоғам болып атсалысудың маңызын айқындады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →