Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Астана мен Алматы ақша айырбастау пункттеріндегі доллар, еуро, рубль және юань бағамдары: сатып алу және сату бағалары.
Сурет: istockphoto
Астана мен Алматының ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы жарияланды. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде доллар 449,00 теңгеден сатып алынып, 456,00 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу бағамы – 501,94 теңге, сату бағамы – 511,96 теңге. Рубль 5,20 теңгеден сатып алынып, 5,40 теңгеден сатылуда. Юань 66,46 теңгеден сатып алынып, 70,46 теңгеден сатылады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 451,60 теңгеден сатып алынып, 453,98 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу – 505,66 теңге, сату – 510,30 теңге. Рубль 5,23 – 5,35 теңге аралығында саудаланады. Юань 67,40 – 70,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.
