Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады • Үндістанда қабылан үйге кіріп, алты адамды жарақаттады • Айдос Сарым: Билікті сынаушылардың орнын басатын тұлғалар жоқ • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • СІМ Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізіп жатыр • Талдықорғанда әкесі бес жасар қызын қауіпті түрде тасымалдағаны үшін жазаланды • Ерлан Қарин Джеки Чанмен киножобаларды талқылады • Үндістанда қабылан үйге кіріп, алты адамды жарақаттады • Айдос Сарым: Билікті сынаушылардың орнын басатын тұлғалар жоқ •

    Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды

    Шымкентте 40 жастағы Василий Колесниковті ұрлап, өлтірді деген іс бойынша сотта алты сотталушыға 22-24 жыл колония жазасы сұралды. Жәбірленушіге 10 млн теңге өтемақы талап етілді.

    Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды

    Фото: ИА «NewTimes.kz»

    Шымкентте 40 жастағы жергілікті тұрғын Василий Колесниковті ұрлап, өлтірді деген айыппен қаралып жатқан іс сотта аяқталуға жақын. Сот отырысында тараптардың пікірталасы өтіп, мемлекеттік айыптаушы алты сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қылмыс биылғы қаңтарда болған. Күндіз жолда көлік апаты мен төбелестен кейін Василий Колесниковті ұрлап әкетіп, өлтірген.

    Сотта мемлекеттік айыптаушы Мұхтар Арыстанов сөйледі. Ол сотталушыларды алдын ала сөз байласу арқылы кісі өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық және адам ұрлау бойынша кінәлі деп тануды сұрады.

    «Сотталушыларға қойылған айыптарды толық қолдауды қажет деп санаймын. Жәбірленуші Қошқынбаевтың моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, 10 миллион теңге өндіруді сұраймын. Сот үкім шығарғанда барлық баяндалған мән-жайларды ескеріп, әділ шешім қабылдайды деп сенемін», — деді прокурор.

    Прокурор әрқайсысына 22-ден 24 жылға дейін колонияда жаза тағайындауды талап етті. Сондай-ақ Колесниковпен бірге көлікте болып, төбелесте қатты зардап шеккен жәбірленуші Қошқынбаевтың пайдасына 10 миллион теңгеден моральдық зиян өтемақысын өндіруді сұрады.

    Сотталушылар мен олардың қорғаушылары кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу баптары бойынша кінәні мойындамайды. Олар бұл айыптар бойынша ақтауды сұрап, өздеріне қарсы тікелей дәлел жоқ, іс болжамға құрылған деп мәлімдеді. Осы резонансты іс бойынша тағы бір күдікті әлі іздеуде.

    Еске салайық, қаңтарда Шымкенттегі жол апаты туралы бейнежеліде тарап, ол адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске ұласқан болатын. Екі көлік соқтығысқаннан кейін үшінші көлік те жанжалға араласқаны айтылған. Салдарынан бір ер адам көптеген пышақ жарақатын алса, тағы біреуін күшпен қала сыртына алып кетіп, кейін оның денесі табылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →