Алматыда түнгі ойын-сауық орнында жаппай төбелес болды
Алматының Түрксіб ауданындағы ойын-сауық орнында екі әйел арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласты. Полиция қатысушыларды ұстап, қылмыстық іс қозғады.
Сурет: instagram.com/almaty.police
Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің бірінде түнгі уақытта екі әйел арасындағы жанжал жаппай төбелеске айналды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Алдымен екі әйел ауызша ұрысып, кейін оған өзге де келушілер тартылған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, төбелесті тоқтатты.
«Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жанжалды тоқтатты. Барлық қатысушы мән-жайды анықтау үшін Түрксіб аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысушылар алкогольдік мас күйде болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ әр қатысушының рөлі мен кінә дәрежесі анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.
