Алматыда жаңа футбол клубы құрылып, екінші лигаға өтінім бермек
Алматыда «Алматы» футбол клубы құрылып, екінші лигаға өтінім беруге ниетті. Команда жеке жоба ретінде бірінші лигаға шығуды мақсат етіп отыр.
Сурет: sports.kz
Қазақстан футболында тағы бір кәсіби клуб пайда болуға жақын. Алматыда «Алматы» футбол клубы деген атаумен жаңа команда құрылып жатыр.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жаңа жобаның өкілдері команданы екінші лигаға тіркеу ниетімен Қазақстан футбол федерациясына жүгінген.
Құрамды негізінен бірінші лигада ойын тәжірибесі бар футболшылардан, сондай-ақ жастар QJ League-інің перспективалы тәрбиеленушілерінен жасақтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар жаңа клубтың басшылығы нәтижені кейінге қалдырмақ емес. Дебюттік маусымның өзінде командаға нақты міндет — класс жоғарылап, бірінші лигаға шығу — қойылады.
«Алматы» футбол клубы толығымен жеке жоба болып, мемлекеттік қаржыландырусыз жұмыс істейтіні атап өтілді.
