Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы туралы өкімге қол қойды • «Ангелина Лукасты жекпе-жек алдында тонап кеткен»: қазақстандық боксшы Германияда келеңсіз жағдайға тап болды • Екі тәулік кешіккен рейс: FlyArystan жолаушылардың ақшасын қайтарудан бас тартты ма? • Рейс кешігеді, орын ауыстыру ақылы, жүкке тағы ақша: жолаушылар тарапынан SCAT-қа қатысты шағым тоқтар емес • Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінің кезеңінде екі финалға шықты • Полиция он күн ішінде есірткі қылмысына қатысты 35 адамды ұстаған – олардың арасында әйелдер де бар • Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы туралы өкімге қол қойды • «Ангелина Лукасты жекпе-жек алдында тонап кеткен»: қазақстандық боксшы Германияда келеңсіз жағдайға тап болды • Екі тәулік кешіккен рейс: FlyArystan жолаушылардың ақшасын қайтарудан бас тартты ма? • Рейс кешігеді, орын ауыстыру ақылы, жүкке тағы ақша: жолаушылар тарапынан SCAT-қа қатысты шағым тоқтар емес • Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінің кезеңінде екі финалға шықты • Полиция он күн ішінде есірткі қылмысына қатысты 35 адамды ұстаған – олардың арасында әйелдер де бар •

    Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы туралы өкімге қол қойды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы туралы өкімге қол қойды. Топ Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды.

    Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы туралы өкімге қол қойды

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы» туралы өкімге қол қойды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Аталған сараптама тобы — Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол Қазақстанның ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған.

    Сараптама тобының негізгі міндеттері — концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу, талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау.

    Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Сараптама тобының жұмыс органы саналады.

    Сараптама тобының отырысы қажет кезде, алайда кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сарапшылық қауымдастықтар, іскерлік орта, азаматтық қоғам өкілдері және Сараптама тобының құрамына енбеген басқа да мамандар қатыса алады.

    Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамы

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →