Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Асқар Биржанов юниорлар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Рүстем Жаныаманов баласының қазасы туралы алғаш рет ашық айтты • Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсетті • Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға • Челестини: «Бернли» «Блэкбернмен» тең ойнады, бірақ соңғы 30 минутта ойынды жақсарту керек • Малик Мұқашев пара таеквондодан Әлем чемпионы атанды • Асқар Биржанов юниорлар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Рүстем Жаныаманов баласының қазасы туралы алғаш рет ашық айтты • Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсетті • Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға • Челестини: «Бернли» «Блэкбернмен» тең ойнады, бірақ соңғы 30 минутта ойынды жақсарту керек • Малик Мұқашев пара таеквондодан Әлем чемпионы атанды •

    Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді

    Бөрлі ауданының прокуратурасы 16–17 жастағы жасөспірімдерге қоғамдық көлікте 50% жеңілдік қарастырылмағанын анықтап, құжатқа өзгеріс енгізді. Ақсайда жол жүру құны 50 теңге болды.

    Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді

    Сурет: inbusiness.kz

    Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының прокуратурасы нормативтік актілерге жүргізген талдау барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты заңбұзушылықтарды анықтады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Анықталғанындай, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру туралы аудандық мәслихаттың қолданыстағы шешімі 16–17 жастағы жасөспірімдерге 50 пайыздық жеңілдікті қарастырмаған. Салдарынан олар жол жүру ақысын толық тариф бойынша төлеуге мәжбүр болған.

    Прокурорлық ден қою актісі бойынша құжатқа қажетті өзгерістер енгізілді. Енді Ақсай қаласында кәмелетке толмаған жолаушылар үшін жол жүру құны 50 теңгені құрайды. Ауданның басқа да бағыттарында құнының 50 пайызы мөлшеріндегі осындай жеңілдікті тариф белгіленді.

    «Қабылданған шаралардың арқасында өңірдің 1 155 кәмелетке толмаған тұрғынының заңды құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге қол жеткізілді. Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдары балаларға қатысты заңнаманың қатаң сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда», — деп хабарлайды қадағалау органының баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →