Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсетті
Азамат Сатыбалды 28 жасында өз қолымен салған төрт қабатты үйін көрсетті. Актер баспанасының 580 шаршы метр екенін және ішкі көрінісін өзгертпегенін айтты.
Сурет: sn.kz
Азамат Сатыбалды 28 жасында өз қолымен салған төрт қабатты үйін көрсетті. Ол бұл туралы Instagram парақшасында бөліскен естеліктерінде айтты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Белгілі актер әрі продюсер Еркебұлан Тоқтарды үйіне шақырып, зәулім баспанасын таныстырды. Өнер иесі үйді жас кезінде өз күшімен салғанын және содан бері ішкі көрінісін өзгертпегенін атап өтті.
«Бұл үйді 28 жасымда өзім салдым. 30 жасымда көшіп кірдім. Содан бері осында тұрамын, ештеңесін өзгертпедім. Ол кезде тәжірибеміз жоқ, қызығып, қабаттарын көбейте бергенбіз. Сөйтіп, төрт қабатты үй болып шықты. Жалпы аумағы – 580 шаршы метр», – деді Азамат Сатыбалды.
Актер қонағына баспанасының әр қабатын аралатып, өзі үшін ерекше мәні бар заттар мен жеке мұрағатын көрсетті. Үйдің интерьері классикалық стильде безендірілген, кең залдар мен жатын бөлмелер бар.
Азамат Сатыбалдының айтуынша, жұбайы Назгүл Қарабалина үйдегі жиһаздарды жаңартуды ұсынған, бірақ ол ата-анасынан қалған естелік дүниелерді сақтап қалуды жөн көрген.
Үйдің төртінші қабатында актердің театр сахнасында және кино түсірілімдерінде пайдаланған костюмдері жинақталған. Бұдан бөлек, мұнда Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы секілді Алаш қайраткерлерінің портреттері де бар. Өнер иесі ұлт зиялыларының суреттері оған үнемі рухани жауапкершілікті сезіндіріп, ой салатынын атап өтті.
Оқырмандар таңданыстарын жасыра алмай, түрлі пікір қалдырды. «Өнерде ғана емес, күнделікті өмірде де мықты азамат екен», «Азамат аға мен Назгүл әпкеге құрметім артты осы сұхбаттан кейін», «Тектінің -тұнығы,асылдың -сынығы десе де болады екен», «Нағыз қазақи тәрбие, текті, үлгілі отбасы. Махаббат деген осы», — деп жазды желі қолданушылары.
