Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рүстем Жаныаманов баласының қазасы туралы алғаш рет ашық айтты • Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсетті • Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға • Челестини: «Бернли» «Блэкбернмен» тең ойнады, бірақ соңғы 30 минутта ойынды жақсарту керек • Малик Мұқашев пара таеквондодан Әлем чемпионы атанды • Дариға Бадықова мен Олжас Абай туралы желіде пікірталас өршіді • Рүстем Жаныаманов баласының қазасы туралы алғаш рет ашық айтты • Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсетті • Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға • Челестини: «Бернли» «Блэкбернмен» тең ойнады, бірақ соңғы 30 минутта ойынды жақсарту керек • Малик Мұқашев пара таеквондодан Әлем чемпионы атанды • Дариға Бадықова мен Олжас Абай туралы желіде пікірталас өршіді •

    Рүстем Жаныаманов баласының қазасы туралы алғаш рет ашық айтты

    Рүстем Жаныаманов пен жұбайы Жанаргүл журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, отбасындағы ауыр қаза жайлы алғаш рет ашық айтты.

    Рүстем Жаныаманов баласының қазасы туралы алғаш рет ашық айтты

    Сурет: sn.kz

    «Біз кездесеміз, балам», – дедім. Бұл сөздерді Рүстем Жаныаманов ұлының жансыз денесінің басын ұстап тұрып айтқан. Актер мен оның жұбайы Жанаргүл журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында отбасындағы ауыр қаза жайлы алғаш рет ашық әңгімеледі.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Мұндай басымыздан өткен жағдайды ешкімнің басына бермей-ақ қойса екен деймін. Бұл әлі күнге дейін біздің жанды жерімізге тиеді. Бұл нәрсені көтеріп жүрудің өзі үлкен күшті қажет етеді екен. Жанар екеуміз бір-бірімізді іздеп тұрамыз. Ешкім мені түсінбейтіндей көрінеді. Тек Жанар түсінеді. Баламызды қайтадан алып келіп алатын ешқандай құдіретіміз жоқ. Осылай болу керек болды. Қабылдау керек, мықты болу керек. Жалғыз біз басымыздан кешіріп жатқан жоқпыз. Баламыздың жаны жәннатта болса екен деймін. Шапағатшы болса екен деймін. Алла бізге күш берсе екен деймін. Себебі оңай емес, ауыр. Өте орны толмайтын нәрсе болды. Басына әлі күнге барып тұрамыз. Осы қала сыртына қойдырдық. Себебі ауылға тым алыс болып кетеді. Ішімде сақтағым келеді, жариялай да бергім келмейді. Сәл сынып бара жатсам Жанарға келемін. Мықты болмасқа амал жоқ, өмір жалғасады. Мен барсам, баламның жансыз денесі жатыр екен. Ондай кезде ештеңе ойламайсың, тек бір Алладан қорқасың. Сол кезде баламның басын ұстадым да құлағына сыбырладым: „Лә илләһә илләллалаһ, Мұхамадун расуллаллаһ“ дедім. „Біз кездесеміз, балам“, – дедім», – деп еске алды актер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →