Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Оксфорд студенттері қазақ тілін үйрену үшін Түркістанға келді Айыппұлы 1,7 млн теңге: Алматыда қырғызстандық BMW көлігінің жүргізушісі тұрақты түрде жол ережесін бұзып келген Хуситтер Йемендегі таулы өлкелерді басып алмақ Қазақстандық ғалымдар егін өнімін арттыратын жаңа технология ойлап тапты КХДР Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран ұшырды Жетісуда машинист айдалада жоғалған баланы құтқарып қалды Оксфорд студенттері қазақ тілін үйрену үшін Түркістанға келді Айыппұлы 1,7 млн теңге: Алматыда қырғызстандық BMW көлігінің жүргізушісі тұрақты түрде жол ережесін бұзып келген Хуситтер Йемендегі таулы өлкелерді басып алмақ Қазақстандық ғалымдар егін өнімін арттыратын жаңа технология ойлап тапты КХДР Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран ұшырды Жетісуда машинист айдалада жоғалған баланы құтқарып қалды

    Оксфорд студенттері қазақ тілін үйрену үшін Түркістанға келді

    Оксфорд студенттері қазақ тілін үйрену үшін Түркістанға келді

    Фото: @gylym_jogary_bilim

    Әлемдегі ең беделді университеттердің бірі – Оксфорд студенттері қазақ тілін үйрену үшін арнайы Түркістанға келді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Ұлыбританияның Оксфорд университеті студенттеріне арналған «Қазақ тілін үйрену бағдарламасы» бойынша білім алады.  Ауқымды жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Оксфорд университетінің Вольфсон колледжі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының тығыз ынтымақтастығы арқасында жүзеге асып отыр.

    Айта кетейік, бұл – Ұлыбританияның білім беру жүйесіне қазақ тілін енгізуді көздейтін «Oxford Birsöz» жобасының нақты практикалық жалғасы.  Екі аптаға созылатын интенсивті бағдарламаның басты мақсаты – шетелдік жастарға қазақ тілінің негізін меңгертіп, еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар олар Қазақстанның бай тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен және ұлттық құндылықтарымен тікелей танысады.

    Оксфордтық студенттер грамматикалық ережелерді меңгеріп қана қоймай, күнделікті өмірде қазақша сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Сабақтарды заманауи әдістемелер негізінде Ахмет Ясауи университетінің тәжірибелі профессор-оқытушылары жүргізеді. Ал оқу-әдістемелік мазмұнын әзірлеуге Тіл білімі институтының ғалымдары мен «Болашақ» бағдарламасының түлектері зор үлес қосты.   Тіл сабақтарынан бөлек, шетелдік қонақтар үшін ерекше мәдени-танымдық бағдарлама дайындалған.

    Олар қазақтың салт-дәстүрімен, қолөнері мен ұлттық тағамдарының ерекшелігімен танысады. Сондай-ақ Түркістан, Шымкент және Тараз қалаларына арнайы танымдық сапарлар ұйымдастырылып, көне тарихи ескерткіштер мен киелі орындар араланады.

    Сапар аясында Оксфорд студенттері Ахмет Ясауи университетінде өтетін «Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуіріндегі ғылыми трансформация» атты III халықаралық симпозиумына қатысады деп жоспарланған. Бұл жоба қазақ тілін жаһандық деңгейде насихаттауға жол ашып, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ғылыми-академиялық әріптестікті жаңа сапалы деңгейге көтеріп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →