Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Талдықорғанда «Әділет» партиясы балаларға «Алтай – Атырау» қойылымын ұсынды

    Талдықорғанда «Әділет» партиясының Жетісу облыстық филиалы балаларға «Алтай – Атырау» қойылымын ұсынды. Іс-шараға 250 бала қатысып, балмұздақ таратылды.

    Талдықорғанда «Әділет» партиясы балаларға «Алтай – Атырау» қойылымын ұсынды

    Сурет: turkystan.kz

    Талдықорған қаласында «Әділет» партиясының Жетісу облыстық филиалы балаларға арналған мәдени-рухани іс-шара өткізді. Іс-шара аясында «Айналайын» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасылардың балалары «Алтай – Атырау» қойылымын тамашалады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ұрпақ тәрбиесі – ел тағдырына тікелей әсер ететін аса маңызды міндет. Осы орайда партия филиалы ұйытқы болған мәдени іс-шара балалардың шығармашылыққа және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырды.

    Қойылымды белгілі театр және кино актері Кендебай Темірбайұлы жетекшілік ететін «Жас актер» жастар театры ұсынды. Мұндағы басты мақсат – балалардың ұлттық өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, ұрпақ тәрбиесіне қоғам назарын аудару.

    «Осындай игі бастамаға атсалысқан барша азаматқа алғысымды білдіремін. Балалардың қуанышын бөлісіп, олардың рухани дамуына үлес қосу – баршамызға ортақ міндет», – деді «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшысы Амангелді Есбай.

    Театр ұжымының айтуынша, мұндай кездесулер – балалар үшін аса маңызды. Себебі театр сахнасында адамгершілік, отансүйгіштік, мейірімділік және жауапкершілік сынды қастерлі құндылықтар дәріптеледі.

    Қойылым соңында іс-шараға қатысқан 250 балаға балмұздақ таратылды. Бұл игі іске партия филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі Римма Салықова қолдау көрсетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →