Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады деген күдікке ілінді
Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады деген күдікке ілінді. 16 жастағы қыз бапкерінің екі жыл бойы қорқытып, зорлық көрсеткенін айтқан. Күдікті қамауға алынды.
Фото: freepik
Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы MadeniPortal.kz хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 16 жастағы қыз бапкерінің екі жыл бойы өзін қорқытып, зорлық көрсеткенін айтқан.
«Бапкерім екі жыл бойы қорлап, қорқытып келді», – деген кәмелетке толмаған қыз.
Қазір күдікті қамауға алынған. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұл жағдай қоғамда балалардың қауіпсіздігі мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесін қайта көтерді.
Белсенділер балалардың құқықтарын қорғауға жауапты мемлекеттік органдардың жұмысына жан-жақты тексеру жүргізіп, міндетін тиісті деңгейде орындамаған лауазымды тұлғаларға заң аясында шара қолдануды сұрап отыр.
