Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Димаш Құдайберген Кәріпбек Күйіковтің кітабын оқырмандарға ұсынды Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты Ұлыбританияда соқыр ер адам мас күйінде 240 шақырым жүргізіп, сотталды WBC рейтингі: Қазақстаннан жеті боксшы енді, Нұрсұлтанов көш бастады Қырғызстанда «Арашан» қошқары 1 миллион долларға сатылды Талдықорғанда «Әділет» партиясы балаларға «Алтай – Атырау» қойылымын ұсынды Димаш Құдайберген Кәріпбек Күйіковтің кітабын оқырмандарға ұсынды Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты Ұлыбританияда соқыр ер адам мас күйінде 240 шақырым жүргізіп, сотталды WBC рейтингі: Қазақстаннан жеті боксшы енді, Нұрсұлтанов көш бастады Қырғызстанда «Арашан» қошқары 1 миллион долларға сатылды Талдықорғанда «Әділет» партиясы балаларға «Алтай – Атырау» қойылымын ұсынды

    Димаш Құдайберген Кәріпбек Күйіковтің кітабын оқырмандарға ұсынды

    Димаш Құдайберген «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып, Кәріпбек Күйіковтің «Қолсыз өмір» кітабын ұсынды. Әнші Қарағандыда автормен кездесті.

    Димаш Құдайберген Кәріпбек Күйіковтің кітабын оқырмандарға ұсынды

    Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафонына қатысып, оқырмандарға суретші әрі ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіковтің «Жизнь без рук» («Қолсыз өмір») атты автобиографиялық кітабын ұсынды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Димаштың айтуынша, ол марафонға байқаудан тыс «Парасат» санаты бойынша қатысып отыр. Сондай-ақ әнші Қарағандыда Кәріпбек Күйіковпен кездескенін атап өтті.

    «Кәріпбек ағамен кездесіп, оның қайсарлығы мен рух беріктігіне тәнті болдым», – деп жазды Димаш Құдайберген.

    Өнер иесі аталған кітаптың оқырманға ой салып, өмірге деген көзқарасына әсер ететініне назар аударды. Ол сондай-ақ оқу марафонының кітап оқуға, тағылым алуға және пікір алмасуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

    «Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафоны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →