Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті

    Көкшетауда 21 қыркүйекте жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, үш адам жеңіл жарақат алды. Оқиға Застанционный көпірі маңында болған.

    Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті

    Сурет: instagram.com/chp_kokshetau

    Көкшетауда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, үш адам медициналық көмекке жүгінді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 21 қыркүйекте сағат 10:40 шамасында Застанционный көпірі, яғни Шанхай ауданы маңында болған.

    Алдын ала ақпарат бойынша, №11 бағытта жүрген Yutong маркалы автобус ЗИЛ жүк көлігімен соқтығысқан.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан қоғамдық көліктің екі жүргізушісі мен бір жолаушы жеңіл жарақат алған. Олар медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.

    Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр.

    Полиция тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік шара қолданылатынын хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →