Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • WBC рейтингі: Қазақстаннан жеті боксшы енді, Нұрсұлтанов көш бастады

    Дүниежүзілік бокс кеңесі 2026 жылғы қыркүйек рейтингін жариялады: Қазақстаннан жеті боксшы енді, Мейірім Нұрсұлтанов бірінші орында.

    WBC рейтингі: Қазақстаннан жеті боксшы енді, Нұрсұлтанов көш бастады

    Сурет: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Дүниежүзілік бокс кеңесі 2026 жылғы қыркүйек айына арналған жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімге Қазақстаннан жеті былғары қолғап шебері енген.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жаңа рейтингте отандық боксшылардың бірқатары өз позициясын жақсартса, кейбірі үздіктер қатарына алғаш рет қосылды.

    Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек бір саты жоғарылап, 16-орынға көтерілді. Евгений Павлов 26-орында, ал Бекман Сойлыбаев 38-сатыда тұр.

    Рейтингтегі басты жаңалықтардың бірі – Санжар Тәшкенбайдың алғаш рет Дүниежүзілік бокс кеңесінің тізіміне енуі. Әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы бірінші ең жеңіл салмақта бірден 35-орынға жайғасты.

    Тәшкенбай тамыз айының соңында кәсіпқой бокста дебют жасап, Астанада өткен жекпе-жекте WBA Asia аймақтық белбеуін жеңіп алған еді.

    Қазақстандықтар арасындағы ең жоғары нәтиже Мейірім Нұрсұлтановқа тиесілі. Ол орта салмақтағы рейтингтің бірінші орнын сақтап қалды.

    Екінші орта салмақта өнер көрсететін Бек Нұрмағанбет бір саты жоғарылап, 12-орынға көтерілді.

    Ал жартылай ауыр салмақтағы Али Ахмедов 28-орындағы позициясын сақтап қалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →