Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақ баласын ақша табатын машинаға айналдырып жатқан жоқпыз ба?»: Санжар Керімбай жауап берді Екі жыл бұрын салынған жол қайтадан быт-шыт болды: Орал тұрғыны жауапты компанияны іздеп жүр Мемлекет басшысы Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады Биолог пәтердегі ауаны тазартатын үздік өсімдіктерді атады Азиада-2026: Қазақстан құрамасы алғашқы күнде алты медаль жеңіп алды «Долина әсері»: тұрғын үй сатып алу кезінде алаяқтықтан қалай қорғануға болады «Қазақ баласын ақша табатын машинаға айналдырып жатқан жоқпыз ба?»: Санжар Керімбай жауап берді Екі жыл бұрын салынған жол қайтадан быт-шыт болды: Орал тұрғыны жауапты компанияны іздеп жүр Мемлекет басшысы Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады Биолог пәтердегі ауаны тазартатын үздік өсімдіктерді атады Азиада-2026: Қазақстан құрамасы алғашқы күнде алты медаль жеңіп алды «Долина әсері»: тұрғын үй сатып алу кезінде алаяқтықтан қалай қорғануға болады

    Мемлекет басшысы Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады. Президент Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

    Мемлекет басшысы аталған сайлау Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін, ал дауыс беру нәтижесі Ресейдің ұзақмерзімді мүддесін қорғауға бағытталған Владимир Путиннің стратегиялық бағдарын халық кеңінен қолдайтынына айқын дәлел болғанын атап өткен.

    — Сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын көтеру және Ресейдің әлемдік держава ретіндегі әлеуетін нығайту мақсатында тиімді шаралар мен шешімдер қабылдайтынына күмән жоқ, — делінген құттықтауда.

    Жеделхатта Қазақстан-Ресей одақтастық қарым-қатынасының маңызды бөлігі ретінде парламентаралық ықпалдастыққа айрықша назар аударылған.

    Қазақстан Президенті Құрылтай депутаттары мен Ресей парламентарийлері екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту үшін бірлескен жұмысты белсенді жалғастыратынына сенім білдірді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының өркендеуі жолындағы мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →