Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті •

    Фицо: Словакия Ресеймен жалған сылтаулармен соғысуға сарбаз жібермейді

    Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Ресеймен немесе басқа елмен жалған сылтаулармен соғысуға сарбаз жібермейтінін мәлімдеді.

    Фицо: Словакия Ресеймен жалған сылтаулармен соғысуға сарбаз жібермейді

    Сурет: ernur.kz

    Словакия премьер-министрі Роберт Фицо өзінің ресми әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған бейне хабарламада елдің Ресеймен немесе басқа мемлекетпен жалған сылтаулармен соғысуға сарбаз жібермейтінін мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Менің үкіметімнің тұсында ешкім Словакиядан тыс жерлерге Ресеймен немесе басқа елмен жалған сылтаулармен соғысуға жібермейді», — деді ол сенбі күні таратқан үндеуінде.

    Сонымен қатар Фицо Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы Жарғысының 5-бабына тоқталып, ол құжат мүшелердің біріне шабуыл жасалған жағдайда ұжымдық қорғанысты көздейтінін және шабуылға ұшыраған елдерге көмек көрсетуге кең мүмкіндік беретінін атап өтті.

    Ол жалған ынтымақтастық туралы айтуды доғару қажеттігін де жеткізді.

    «Еуропалық Одақта біз электр энергиясының бағасына, сарбаздардың өліміне қатысты ынтымақтастық таныта алмаймыз», — деді Фицо.

    * Meta (Facebook және Instagram әлеуметтік желілері) Ресейде экстремистік деп танылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →