Азия ойындары-2026: 20 қыркүйекте қазақстандық спортшылардың толық кестесі жарияланды
Азия ойындары-2026: 20 қыркүйекте қазақстандық спортшылар триатлон, жүзу, каратэ, ММА және басқа да сайыстарда сынға түседі. Толық кесте Астана уақытымен.
Сурет: inbusiness.kz
Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындары-2026 аясында 20 қыркүйек, жексенбі күні қазақстандық спортшылар ауқымды жарыс сериясына қатысады. Ұлттық Олимпиада комитеті отандық атлеттердің нақты кестесін ұсынды (уақыт Астана бойынша берілген). Құрам мен графикте шағын түзетулер болуы мүмкін.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Таңғы және күндізгі сессиялар (Астана уақытымен):
04:30 — Триатлон, ерлер. Жеке сайыс, финал: Аян Бейсенбаев, Арлан Жанабай.
05:00 — Шоссе велоспорты, әйелдер. «Разделка», финал: Рината Султанова.
05:45 — Оқ ату, әйелдер. Пневматикалық винтовка, 10 м (іріктеу): Елизавета Безрукова, Софья Шульженко, Александра Ле. Финал — 10:30 (шыққан жағдайда).
06:00 — Қазіргі бессайыс, әйелдер. Финал (жеке және командалық): Диана Щедрова, Аяна Казбекова, Юлиана Петрова.
06:08 — Жүзу, ерлер. 200 м, кешенді жүзу (іріктеу): Айбат Мырзамуратов. Финалдық сессия 13:00-де басталады.
06:20 — ММА, әйелдер. Modern MMA, 54 кг дейін (алдын ала раунд): Айгерім Төреханова.
06:44 — Жүзу, ерлер. 100 м еркін стиль (іріктеу): Адильбек Мусин, Максим Клименко. Финалдық сессия — 13:00-ден.
06:50 — ММА, ерлер. Traditional MMA, 77 кг дейін (алдын ала раунд): Еркінғали Бүркіталин.
07:00 — Триатлон, әйелдер. Жеке сайыс, финал: Диана Ержанова.
07:05 — Жүзу, ерлер. 100 м шалқалап жүзу (іріктеу): Александр Румынский. Финалдық сессия — 13:00-ден.
07:05 — Каратэ, ерлер. 55 кг дейін (1/8 финал): Жоламан Бигабыл. Жартылай финал — 10:30-дан, қола жүлде үшін белдесу — 12:40-тан, финал — 14:05-тен.
07:55 — Каратэ, әйелдер. 68 кг жоғары (ширек финал): Софья Берульцева. Жартылай финал — 10:30-дан, қола жүлде үшін белдесу — 12:40-тан, финал — 14:05-тен.
08:30 — Үстел теннисі, ерлер. Командалық турнир, топтық кезең: Қазақстан — Бангладеш.
08:30 — Гандбол, ерлер. Топтық кезең: Қазақстан — Бахрейн.
09:00 — Жағажай волейболы, ерлер. Топтық кезең: Сергей Богату / Кирилл Гурин.
09:30 — Шоссе велоспорты, ерлер. «Разделка», финал: Алексей Луценко.
09:30 — Гандбол, әйелдер. Екінші матч, айналма жүйе: Қазақстан — Оңтүстік Корея.
09:50 — Баскетбол 5х5, әйелдер. Топтық кезең: Қазақстан — Жапония.
10:30 — Қазіргі бессайыс, ерлер. Финал (жеке және командалық): Кирилл Стадник, Лев Чувашов, Темирлан Абдраимов, Тихон Варехин.
11:00 — Жағажай волейболы, ерлер. Топтық кезең: Абдулмажид Мохаммад / Дмитрий Яковлев.
11:00 — Бадминтон, әйелдер. Командалық турнир, 1/8 финал: Қазақстан — Үндістан.
12:00 — Волейбол, әйелдер. Ширек финал: Қазақстан — Оңтүстік Корея.
12:00 — Үстел теннисі, әйелдер. Командалық турнир, топтық кезең: Қазақстан — Оңтүстік Корея.
12:05 — Су полосы, әйелдер. Топтық кезең: Қазақстан — Сингапур.
12:50 — ММА, ерлер. Modern MMA, 71 кг дейін (ширек финал): Қадырбек Шинбаев.
13:00 — ММА, ерлер. Traditional MMA, 65 кг дейін (ширек финал): Санжар Адилов.
14:00 — Ушу, әйелдер. Саньда, 52 кг дейін (1/8 финал): Аяна Тұрсын.
14:00 — Ушу, ерлер. Саньда, 75 кг дейін (1/8 финал): Абдурашид Абдуллаев.
14:30 — Үстел теннисі, ерлер. Командалық турнир, топтық кезең: Қазақстан — Сингапур.
Жанкүйерлер отандық атлеттерді тікелей эфирлерде қолдап, жарыс күні бойы нәтижелердің жаңартуларын бақылай алады.
