Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 19 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Азиада-2026: Қазақстан құрамасы спортшылар шеруіне қатысты

    Жапонияның Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова алып шықты.

    Азиада-2026: Қазақстан құрамасы спортшылар шеруіне қатысты

    Видеодан кадр

    Жапонияның Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Іс-шара әсерлі қойылыммен басталды. Содан кейін Жапонияның мемлекеттік әнұраны тікелей эфирде орындалып, мемлекеттік туы көтерілді.

    Осыдан кейін спортшылар шеруі өтті. Шеруде Қазақстанның мемлекеттік туын дзюдодан олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құрама мүшесі Сарвиноз Миркадирова алып шықты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →