Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп •

    Астанада ер адам әйелін өлтіріп, өзіне қол жұмсады

    Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде 55 жастағы ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, өзіне қол жұмсады. Марқұмдардың артында 15 жастағы мүгедек бала қалды.

    Астанада ер адам әйелін өлтіріп, өзіне қол жұмсады

    Фото: freepik

    Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыпты көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал кезінде 55 жастағы ер адам әйеліне пышақ сұғып, кейін өзіне қол жұмсаған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Полицияның мәліметінше, 53 жастағы әйел мен оның күйеуі алған жарақаттарынан жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін қайтыс болған.

    Марқұмдардың артында ата-анасынан айырылған 15 жастағы мүгедектігі бар бала қалған.

    Қазір ерлі-зайыптының арасында жанжалға не себеп болғаны және оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

    «Кісі өлтіру және суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп мәлімдеді Астана қаласының полиция департаменті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →