Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 $ 449,5 518,8 5,34
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ажарлы Алматы» байқауы: 168 жұмыстың үздігі анықталды «Қатал тәрбиелеп, ерте есейтті»: Жасұлан Базарбаев әкесі туралы жазды К4 мен Еуро-6 арасындағы он жеті жыл: отандық бензин неге еуропалық сапаға жетпей тұр? Қарағайлыда 400 түп ағаш отырғызылды: «Қазақмыс» жұмыскерлер бастамасын қолдады Алматы мен Шанхай ерекше қажеттілігі бар азаматтарды оңалту және қолдау бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтеді Шымкентте әйел адам пластикалық операциядан кейін бір көзінен айырылған «Ажарлы Алматы» байқауы: 168 жұмыстың үздігі анықталды «Қатал тәрбиелеп, ерте есейтті»: Жасұлан Базарбаев әкесі туралы жазды К4 мен Еуро-6 арасындағы он жеті жыл: отандық бензин неге еуропалық сапаға жетпей тұр? Қарағайлыда 400 түп ағаш отырғызылды: «Қазақмыс» жұмыскерлер бастамасын қолдады Алматы мен Шанхай ерекше қажеттілігі бар азаматтарды оңалту және қолдау бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтеді Шымкентте әйел адам пластикалық операциядан кейін бір көзінен айырылған

    Су үнемдемеген шаруаның субсидиясы қысқарады 

    Су үнемдемеген шаруаның субсидиясы қысқарады 

    Фото: depositphotos.com

    Су үнемдеу технологияларын қолданбайтын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін субсидия көлемі жыл сайын 10 пайызға қысқартылып отырады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су үнемдеу технологияларын дамыту департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Нұриханова мәлім етті.    Оның айтуынша, су ресурстарының тапшылығы күшейіп отырғандықтан, Қазақстанда суды тиімді пайдалану және су үнемдеу технологияларына көшуге басымдық беріліп жатыр.

    Әсіресе су ресурстарының шамамен 60 пайызын тұтынатын ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән берілуде. Қазір аграршыларға тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін енгізу үшін мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Аталған жабдықтарды сатып алуға және қажетті инфрақұрылым жүргізуге жұмсалған шығындардың 80 пайызына дейін өтеледі. Ал су үнемдеу технологияларын қолданатын шаруалар үшін суға берілетін субсидия мөлшері 60 пайыздан 85 пайызға дейін артады.

    «Су үнемдеу технологияларын қолданбайтын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін субсидия көлемі жыл сайын 10 пайызға қысқартылып отырады. 2029 жылдан бастап мұндай нормаларды толығымен алып тастау жоспарланып отыр», – деді Қарлығаш Нұриханова.

    2025 жылдың қорытындысында су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптардың көлемі 143,5 мың гектарды құраса, биыл бұл көрсеткіш 158 мың гектарға жеткен. 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларымен қамтылған алқаптардың көлемін 1,3 млн гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл шамамен 2 млрд текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар жаңа Су кодексіне сәйкес, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды кезең-кезеңімен айналымды сумен жабдықтау жүйесіне көшіру қарастырылған. Тазартылған суды қайта пайдалану арқылы жаңа су ресурстарын тұтынуды азайту көзделіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →