Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады

    Ақтөбедегі кәсіби бокс кешінде өзбекстандық қарсыластарын жеңген Қанат Санғыл, Нұртас Әжбенов, Асқат Жантұрсынов пен Нұрдос Төлебай BoxRec рейтингінде жоғарылады.

    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады

    Сурет: sports.kz

    Ақтөбеде өткен кәсіби бокс кешінде өзбекстандық қарсыластарын жеңген қазақстандық боксшылар Boxrec.com сайтының рейтингіндегі орнын жақсартты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қанат Санғыл (10-0, 4 КО) Шахзодбек Шаробиддиновты (8-4, 4 КО) бірауыздан жеңіп, BoxRec-тің екінші жеңіл салмақ рейтингінде 84-ші орыннан 69-шы орынға көтерілді. Нұртас Әжбенов (15-2, 5 КО) Бургут Ходжибоевты (10-14, 15 КО) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақ рейтингінде қазір 303-ші орында тұр (бұрын 308-ші еді). Асқат Жантұрсынов (12-1, 11 КО) екінші раундта Абдулазиз Матазимовты (15-19, 7 КО) мерзімінен бұрын жеңіп, супертяжелый салмақта 202-ші орыннан 194-ші орынға жылжыды. «Белсенді емес» мәртебесі болған Нұрдос Төлебай (16-0, 11 КО) орта салмақ рейтингіне қайта оралып, Джохонмурод Имомалиевті (2-1, 2 КО) төртінші раундта нокаутпен жеңгеннен кейін 98-ші орынды иеленді.

    Ақтөбедегі бокс кешінің басты жұлдызы қазақстандық боксшы Армат Арманұлы (8-1, 6 КО) болды, ол сегізінші раундта угандалық Шадири Муса Бвогиді (11-2, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →