Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді

    Берік Уәли ҚР Президентінің баспасөз хатшысы лауазымынан босады

    Берік Уәли ҚР Президентінің баспасөз хатшысы лауазымынан босады. Ол енді «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы телеарна Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі. Берік Уәли 1977 жылы туған. Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын журналистика мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын «Таң» телеарнасының тілшісі болып бастап, түрлі жылдары «31 арна», «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарының редакторы және жүргізушісі болып еңбек етті.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Нұр Медиа» медиа орталығын басқарған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы болды. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

    2019 жылы наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар 2019 жылдың қыркүйек айында «Президент телерадиокешені» директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →