Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық теннисші Қытайдағы жастар турнирінде күміс жүлде алды • Ыстық шай мен кофе өңеш қатерлі ісігі қаупін арттыруы мүмкін • Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Қазақстандық теннисші Қытайдағы жастар турнирінде күміс жүлде алды • Ыстық шай мен кофе өңеш қатерлі ісігі қаупін арттыруы мүмкін • Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады •

    Дастан Сәтпаев «Бернлиге» жалға берілді: футболшы пікір білдірді

    Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев «Челсиден» «Бернлиге» жалға берілді. Ол Чемпионшипте өнер көрсетіп, тәжірибе жинайды деп күтілуде.

    Дастан Сәтпаев «Бернлиге» жалға берілді: футболшы пікір білдірді

    Сурет: egemen.kz

    Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев «Челси» клубынан Англияның «Бернли» командасына жалға ауысуына қатысты пікірін білдірді. 18 жастағы шабуылшы өзінің жеке парақшасында жаңа кезеңге қатысты қысқа жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    «Бұл – тек бастамасы. Жалға берілу – мені одан әрі шыңдап, күшейте түсетін жаңа тәжірибе. Ең жақсысы әлі алда, иншалла! Алға, Қазақ елі!» деп жазды футболшы.

    Бұған дейін «Челси» клубы Дастан Сәтпаевтың команданың ресми ойыншысы атанғанын және алдағы маусымды Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернли» сапында жалға өткізетінін ресми түрде хабарлаған еді.

    Сәтпаев 12 тамызда 18 жасқа толып, сол күні «Челсимен» келісімшартын ресми түрде рәсімдеді. Қазақстандық футболшының Лондон клубына ауысуы бұған дейін «Қайрат» сапынан келісілген болатын.

    Енді Сәтпаев 2026/27 маусымында «Бернли» сапында өнер көрсетіп, Англия чемпионатының екінші деңгейі – Чемпионшипте тәжірибе жинайды. Оның жалға берілуі сатып алу құқығынсыз жүзеге асқан. Сондықтан маусым аяқталғаннан кейін футболшы «Челсиге» оралады деп күтілуде.

    Сәтпаевтың жаңа командадағы алғашқы ойыны жексенбі күні «Вест Хэмге» қарсы өтуі мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →