Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық теннисші Қытайдағы жастар турнирінде күміс жүлде алды • Ыстық шай мен кофе өңеш қатерлі ісігі қаупін арттыруы мүмкін • Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Қазақстандық теннисші Қытайдағы жастар турнирінде күміс жүлде алды • Ыстық шай мен кофе өңеш қатерлі ісігі қаупін арттыруы мүмкін • Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады •

    Дастан Сәтпаев «Бернлиге» жалға берілуі мүмкін

    Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Англияның «Бернли» клубына жалға берілуі мүмкін. Ол медициналық тексеруден өту үшін «Терф Мур» стадионына келді.

    Дастан Сәтпаев «Бернлиге» жалға берілуі мүмкін

    Сурет: egemen.kz

    Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Англияның «Бернли» клубына жалға берілуі мүмкін. Бұл туралы BBC Sport хабарлады. 18 жасқа толған футболшы жаңа командасының «Терф Мур» стадионына барып, медициналық тексеруден өтуі тиіс, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    BBC Sport деректеріне сәйкес, Сәтпаев қазірдің өзінде «Терф Мур» стадионына келген. Ол медициналық тексеруден өтуі керек. Ойыншының ауысуы жексенбі күні «Вест Хэмге» қарсы матчқа дейін рәсімделеді деп күтілуде.

    «Сәрсенбіде Сәтпаев 18 жасқа толды. Сол күні ол «Челсимен» алты жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісімшартты тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған», деп жазады BBC.

    Айта кетейік, «Бернли» Англияның кәсіби футбол клубы. Қазіргі уақытта клуб Англия футбол лигалары жүйесіндегі екінші деңгейлі дивизион Чемпионшипте өнер көрсетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →