Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көкшетауда тергеу изоляторында қамаудағылардың тамағы мен ауызсуына қатысты шу шықты Ұлттық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда қазақстандық кәсіпорындарға басымдық беріледі — Олжас Бектенов Олжас Бектенов: «Қазақстан жасалған» таңбасы тұтынушылар сенім артатын жоғары сапа белгісіне айналуы тиіс Балмұздақ зауытынан шыққан шу: Түркістан облысының халқы дабыл қақты «Тойды 3 жылдан кейін жасадық»: Диана Скатова мен күйеуі ауыр сынағы жайлы айтты (ВИДЕО) Қазақстанда Еуропа мен Азияны жалғайтын үш ірі автокөлік жолының құрылысы басталды Көкшетауда тергеу изоляторында қамаудағылардың тамағы мен ауызсуына қатысты шу шықты Ұлттық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда қазақстандық кәсіпорындарға басымдық беріледі — Олжас Бектенов Олжас Бектенов: «Қазақстан жасалған» таңбасы тұтынушылар сенім артатын жоғары сапа белгісіне айналуы тиіс Балмұздақ зауытынан шыққан шу: Түркістан облысының халқы дабыл қақты «Тойды 3 жылдан кейін жасадық»: Диана Скатова мен күйеуі ауыр сынағы жайлы айтты (ВИДЕО) Қазақстанда Еуропа мен Азияны жалғайтын үш ірі автокөлік жолының құрылысы басталды

    Олжас Бектенов: «Қазақстан жасалған» таңбасы тұтынушылар сенім артатын жоғары сапа белгісіне айналуы тиіс

    Олжас Бектенов: «Қазақстан жасалған» таңбасы тұтынушылар сенім артатын жоғары сапа белгісіне айналуы тиіс

    Фото: Үкімет

    Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларының нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты тұрақты өсіп келе жатқанын баса айтты.

    «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты да тұрақты өсіп келеді. Бұған экономика салаларын кешенді мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде қол жеткіздік. Ендігі міндет – ішкі нарықты отандық өніммен толықтыруды жалғастырып, өткізу нарықтарын кеңейту және қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарда неғұрлым белсенді ілгерілету. “Қазақстанда жасалған” ұлттық таңбасы тұтынушылардың сенімі мен жоғары сапа белгісіне айналуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

    Осыған байланысты Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:

    Сауда және интеграция министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, бір ай ішінде «Қазақстанда жасалған» брендімен шығарылатын тауарларды қолдау мен ілгерілетудің кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырылды;

    бір ай мерзімде халық арасында ең көп сұранысқа ие басым тауар санаттарын айқындау қажет. Әрбір санат бойынша ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін арттыруға арналған нысаналы көрсеткіштерді белгілеу керек;

    Сауда желілерімен бірге отандық сауда маркаларын дамытып, қазақстандық өндірушілермен ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын бекіту қажет.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →